Қазақстандық арматура-изолятор зауытына іс-сапар
Бүгін «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының студенттері энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушыларымен бірге «Қазақстандық арматура-изолятор зауыты» ЖШС-не іс-сапармен барды. ҚАИЗ - университетіміздің салалық серіктесі. Компания әуе электр беру желілеріне арналған шыны изоляторларды өндіру және жеткізумен айналысады. Болашақ энергетик мамандар Ббл компоненттермен тікелей жұмыс істейтін болады. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай экскурсиялар университеттің өндіріспен өзара іс-қимылын нығайтады, студенттерге нақты жұмыс жағдайларын көруге және инженерлік мамандықтардың құндылығын түсінуге көмектеседі. Экскурсия барысында студенттер өндірістің толық технологиялық процесімен танысып, изолятордың қандай бөліктерден тұратынын өз көздерімен көріп, заманауи индустриялық кәсіпорынның ішкі жұмысымен жақынырақ танысты. Мұндай кездесулер білім алушыларда электр энергетикасы саласындағы кәсіби цикл туралы тұтас түсінік қалыптастырады және болашақ мамандыққа деген қызығушылықты арттырады.
7 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии