Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Әлеуметтік кәсіпкерлік - саналы бизнестің жаңа форматы

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып жүрген бизнес өкілдері мен ҚИнЭУ-дың әлеуметтік-экономикалық пәндер, стандарттау және тағам өнімдері технологиясы кафедрасының оқытушылары қатысты. Кездесудің басты тақырыбы - әлеуметтік кәсіпкерлік. Бұл бағыт - қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын саналы бизнестің жаңа форматы. Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала бойынша подкомитет төрағасы Александр Анатольевич Соболев бүгінгі күні бизнес пен білім берудің әріптестігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті: «Кадр тапшылығы, кәсіби бағдар беру мен мамандарды даярлау мәселелері бизнеске жаңаша қарауға итермелеп отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл пайда табумен қатар, қоғамға нақты пайда әкелетін жауапты әрі саналы бағыт». Отырыс барысында өңірде табысты жұмыс істеп жатқан әлеуметтік кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Андрей Зелевский-көзі көрмесе де, пластик қалдықтарын қайта өңдеп, зағип жандарға арналған тактильді өнімдер жасап жүрген кәсіпкер. Динара Куджулова – тек әлеуметтік осал топтар жұмыс істейтін киім және тоқыма өндірісін басқаратын кәсіпкер. Динара Шадрина экологиялық ағарту мен қайта қолдануға болатын экологиялық өнімдер шығарумен айналысатын әлеуметтік кәсіпкер. Кездесуде шабыттандыратын оқиғалармен қатар, нақты ұсыныстар да айтылды. Соның бірі – университет қабырғасында пластик қалдықтарын қайта өңдейтін экоорталық құру. Кәсіпкерлер бұл бастаманы қолдап, өндірістеріне экскурсиялар ұйымдастыруға, шеберлік сабақтар өткізуге дайын екендіктерін жеткізді. Университет тарапынан бұл ұсынысқа оң көзқарас білдіріліп, әлеуметтік кәсіпкерлік аясында қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, инклюзия бағытында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша инклюзия және экология бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлеу үшін оқытушылардан, студенттерден және әлеуметтік сала жөніндегі кіші комитет мүшелерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

3 қазан 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы