Өңірдің болашағы - білім мен еңбек бірлігінде
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге өңірдің 30-ға жуық жұмыс берушілері - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер өкілдері, жас мамандар мен жоғары оқу орындары мен колледж түлектері қатысты. Университет холлы көрме алаңына айналып, онда жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Жәрмеңкенің ашылу салтанатында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов жастар мен жұмыс берушілер арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталып: «Бүгінгі шара – тек жұмыс іздеу емес, болашақты құру алаңы», – деп атап өтті. «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Кәкікмжанұлы Досмұхамедов: «Бұл – жай ғана жәрмеңке емес, бұл – мансаптық бастама. Бүгінде кәсіпорындар жастар үшін өзара бәсекеге түсіп отыр», – деп атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушы - ҚИнЭУ басшылығына алғысын білдірді. Жұмыс берушілердің алаңында сұхбаттар мен нетворкинг сессиялары өрбіді. Қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары резюме жазу, сұхбаттасуға дайындалу және еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша пайдалы кеңестер мен тренингтер өткізді. Жәрмеңкеге алғаш рет қатысқан «Агроинженерия» ғылыми-өндірістік орталығының өкілі Александр Дядюченко: «Бізге жас мамандар ауадай қажет. Орта және зейнеталды буынның орнын басатын жаңа буын қалыптастыру – басты міндет», – деді. Бұл жәрмеңке – білім мен бизнестің түйісер тұсы, кәсіби болашақтың бастау алаңы. Мұнда өңірдің еңбек нарығы мен жас буынның мүдделері ұштасып, ортақ мақсатқа қызмет етеді.
3 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии