Заманауи қауіптер және оларды болдырмау тәсілдері
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай облысы Полиция департаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Іс-шара заманауи қауіптер мен оларды болдырмау тәсілдеріне арналды. Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмыстармен күрес басқармасының маманы Ертан Казбаев интернеттегі алаяқтықтың түрлері мен киберқылмыстардың ерекшеліктері жайлы жан-жақты ақпарат берді. Ол онлайн алаяқтарды тану жолдарын, олардың қолданатын тәсілдерін түсіндіріп, жеке деректерді қорғау бойынша нақты кеңестермен бөлісті. Экономикалық тергеу департаментінің аға лейтенанты, жедел уәкіл Хамза Уалихан «Дроперство» тақырыбында баяндама жасап, бұл - қазіргі таңда кең таралып келе жатқан экономикалық алаяқтық түрі екенін атап өтті. Сонымен қатар, осындай қылмыстардың салдары, құқық қорғау органдарының оларды анықтау және алдын алу бағытындағы жұмысы туралы айтты. Мұндай кездесулер студент жастардың заманауи қауіптер туралы білімін арттырып, цифрлық және нақты өмірдегі қауіпсіздікті сақтау маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
20 қазан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии