Халықаралық стандарттау саласындағы өзекті мәселелері талқыланды
Астанадағы Назарбаев Университетінде халықаралық стандарттардың дамуына және олардың қазіргі әлемдегі рөліне арналған маңызды іс-шара өтті. Іс-шараға Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Sergio Mujica арнайы қатысып, мазмұнды дәріс оқыды. Аталған кездесуге ҚИнЭУ стандарттау және тамақ технологиялары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Мансап және бизнес көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сегізбаева да қатысты. Sergio Mujica «Халықаралық стандарттардың заманауи әлемдегі рөлі және даму трендтері» тақырыбында ашық дәріс өткізіп, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инклюзивтілік, экологияландыру, жасанды интеллектті басқару және кәсіби салалармен стандарттарды интеграциялау жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, тез өзгеріп жатқан технологиялық ортада стандарттарды әзірлеу барысындағы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Бұл іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен экономика салаларында халықаралық стандарттарды енгізудің жаңа бағыттарын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.
21 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии