Ресми түрде ҚИнЭУ студенттері
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің бірінші курс студенттері ресми түрде студент атанып, үлкен білім жолына қадам басты. Кеше «Aidana Plaza» мейрамханасында студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиында университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов жүрекжарды тілегін білдіріп, «Алтын белгі» иегерлерін, мектепті үздік бітірген оқушыларды және қабылдау комиссиясында аянбай еңбек еткен белсенді жастарды марапаттады. Бұл - ел ертеңіне сенген, ҚИнЭУ-ды таңдаған жастарға деген құрмет. ҚИнЭУ ғылым және инновация жөніндегі проектор Амангелды Болатұлы Шаяхметов жылы лебізін білдіріп, студенттік билет табыстап, әрбір жасқа жаңа жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша бірінші курс студенттеріне білім кілті табысталды. Бұл - жай ғана символ емес, бұл - оларға артылған сенім. Студенттеріміз салтанатты түрде ҚИнЭУ антын қабылдап, университет дәстүрін сақтап, сабақтан қалмай, үздік оқуға серт берді. Қызықты байқаулар да болды. Ал белсенділік танытқандарға демеушілеріміз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. донерханасынан және @zodiac_cinema_kostanay атынан дәмді донер мен киноға билеттер сыйға тартылды. Жаңа өмір, жаңа орта, жаңа достар - бәрі алда! ҚИнЭУ отбасына қош келдіңдер, жастар!
https://www.instagram.com/p/DQGeUqtjDJ7/
21 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии