Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Арқалық пен Заречный - кәсіби бағдар беру науқанының назарында

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кафедра оқытушылары аймақ мектептері мен колледждерінің білім алушыларымен кәсіби бағдар жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Стандартизация және тамақ технологиялары кафедрасының профессорлары мен ғылым кандидаттары Заречное ауылының мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға кафедраның білім беру бағыттары және университетіміздің талапкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Бүгін осы кафедраның оқытушылары Қостанай қаласындағы №6 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Ашық форматта өткен кездесуде олар кафедраның білім беру бағыттарымен таныстырып, университетте оқудың артықшылықтары, білім беру бағдарламаларының болашағы туралы айтып, табысты түлектердің үлгілерін ұсынды. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, оқуға түсу шарттары, студенттік өмір және тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Бұл күндері энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушылары оңтүстік өңір - Арқалық қаласында кәсіби бағдар жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар өткізуде. Сапар барысында университет өкілдері Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің, Кейкі батыр атындағы №4 мектебінің, Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9–11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ Арқалық политехникалық колледжі мен ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу кезінде оқушылар мен студенттерге дұрыс мамандық таңдаудың жолдары, құжат тапсыру кезінде нені ескеру керектігі және ҚИнЭУ-да білім алудың болашағы туралы нақты ақпарат берілді.

22 қазан 2025 жыл

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы