Бақытсыз Жамал: тағдыр мен таным
Бүгін ұлт зиялысы, Алаш ардақтысы, жазушы, көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері - М. Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай Қостанай инженерлік - экономикалық университетінің 1 - 2 курс бакалавриат білім алушылары арасында "Бақытсыз Жамал: тағдыр және таным" тақырыбында университетішілік эссе байқауы өтті. Атаулы шара Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің қолдауымен және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау жастардың әдебиетке, тарих пен рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Байқауға Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің наиб имамы Бақберсін Ізбасаров, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы филиалының төрағасы Заңғар Санай, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Ахметов, аға оқытушысы Гүлмира Жандарбекова қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушыларға сәттілік тілеп, байқаудың маңыздылығын атап өтті. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы филиалының төрағасы Заңғар Санай: «Жахаң атындағы қара шаңырақта оқитын әр студент оның шығармаларын терең білуі тиіс. «Бақытсыз Жамал» - қазақтың тұңғыш романы. Онда әйел теңдігі мен қыз баласының тағдыры айқын көрініс табады. Шығарманы оқыған адам эссені де жүректен жазады», - деді. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Ахметов университет тарихында мұндай байқаудың алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтіп, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңеді», - деп қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға барлық кафедралардан 13 студент қатысты. Эссе жазуға 50 минут уақыт беріліп, ұялы телефон қолдануға қатаң тыйым салынды. Шығармалар мемлекеттік тілде, грамматикалық және емле ережелеріне сай жазылуы шарт болды. Қатысышылар Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы арқылы - тағдыр мен таным, ұлттық сана, әйел теңдігі сынды маңызды мәселелерге терең бойлады. Эссе байқауының қорытындысы келесі аптада жарияланады. Жүлдегерлерге 100 мың, 70 мың, 50 мың теңгелік ақшалай сертификаттар табысталады. Марапаттау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі қатысады деп жоспарланып отыр. Үздік нәтижелер ҚИнЭУ ресми сайтында жарияланады.
23 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии