Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ түлектері өміріндегі жаңа тарау

Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі түлектерін салтанатты түрде үлкен өмірге шығарып салды. 2025 жылы оқу орындарын 475 бакалавр, 57 магистр және 172 колледж студенті сәтті аяқтап, қолдарына көптен күткен дипломдарын алды. Болашақ инженерлер, экономистер, бағдарламашылар, энергетиктер, агрономдар мен логистер және тағы басқа кәсіби білікті мамандар өңірдің кадрлық әлеуетін толықтырды. Түлектер нағыз Голливуд жұлдыздарындай қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Қонақтарды ерекше қонақжайлылықпен қарсы алды. Ұлттық тәттілерден дәм татқызып, бауырсақ пен қымыз ұсынылып, ұлттық қазақ аспаптар ансамблі өнер көрсетті. Жастар сарайында жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен шағын жәрмеңке ұйымдастырылып, бітіруші түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды. Шараға арнайы келген «Respublica» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Асанұлы Ходжаназаров жастарға жүрекжарды тілегін арнады: — Бұл диплом тек білімнің ғана емес, төзім мен табандылықтың белгісі. Университет сіздерге жауап іздеу дағдысын, ойлануға деген құштарлықты берді. Сол ұшқын сөнбесін, сол көзқарас өзгермесін! Салтанатты рәсім барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов сөз сөйлеп, магистратура бітірушілеріне дипломдарды табыс етті: — Бұл өмір жолындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Бір үзім нанды бөлісіп жеген достарыңызбен өткізген күндер ешқашан ұмытылмайды. Ең бастысы — бүгінгі күннің жетістігі сіздердің күш-жігеріңіздің нәтижесі. Университет құрылтайшысы Мадияр Бахтиярұлы Юнусов үздік түлектерге дипломдарды табыстап, ҚИнЭУ-дің білім беру саласындағы жетістіктерін атап өтті: — Біздің мақсат — білікті, кәсіби жаңашыл, заманауи нарық талаптарына бейімделген мамандарды даярлау. Алдымызда үлкен мақсаттар тұр: жаңа зертханалар ашу, жатақхана салу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Білім сапасы мен инфрақұрылымды жақсарту – басты басымдық. Құрметті қонақтардың қатарында — мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардың басшылары, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер болды. Олардың салтанатты шараға қатысып, қолдау білдіруі — ҚИнЭУ-дің өңірлік кадр даярлаудағы маңызды орнының тағы бір дәлелі. Шараға қатысқан «KIA Qazaqstan» ЖШС бас директоры Ким Де Ки сөз сөйлеп, университетпен әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Салтанатты кештің ең қымбат қонақтары — әрине, түлектердің ата-аналары мен жақындары. Жастардың әр жетістігінде олардың қолдауы мен сенімі тұр. Бұл кеш — сол ортақ жеңістің мерекесі. Бүгін — жай ғана қоштасу емес, жаңа өмір жолының бастауы. Қолда - диплом, бойда- білім, артта – отбасы мен ұстаздардың қолдауы. ҚИнЭУ түлектері жаңа белестерге дайын! Құттықтаймыз! Сіздер бір белесті бағындырдыңыздар!

 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы