Экологиялық мәдениет қалыптасуда
Бүгін облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен “Taza Qazaqstan” республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға сондай-ақ ҚИнЭУ ректоры мен Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Арман Оразалиұлы Исмаилов қатысты.
Жиынға “Тaza Qazaqstan” республикалық бағдарламасының бірінші жартыжылдық қорытындылары талқыланды және нәтижелері әсерлі әрі нақты көрсеткіштермен ерекшеленді.
Облыс тұрғындарының қолдауы арқасында мыңдаған аула мен көшелер тазарып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, бұрынғы бей-берекет шашылған қоқыс үйінділері жойылды.
Облыс әкімі атап өткендей, “Тaza Qazaqstan” бағдарламасы аясында өңірде кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 11,6 млрд теңге қарастырылған.
- Қала мен ауылдардың сыртқы келбетін жақсарту, бос тұрған ғимараттарды қалпына келтіру, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта облыс орталығында 7 саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша 80 саябақтың жағдайын жақсартуға 4,3 млрд теңге бөлінді, – деді Құмар Ақсақалов.
Өңір тұрғындарының қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, өз өңірінің экологиялық жағдайына белсенді араласуы – “Taza Qazaqstan” науқанының басты жетістігі.
https://www.instagram.com/reel/DL9A3DZoxqI/?igsh=d2NhMGR5Y2Y2bmU2
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии