Қазақстан құрамасының атынан халықаралық деңгейде қатысатын болады
М.Дулатов атындағы Костанай инженерлік-экономикалық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Глеб Сауленко ұлттық іріктеуден сәтті өтіп, 2025 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Хернинг қаласында (Дания Корольдігі) өтетін WorldSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасының негізгі сапына енді. WorldSkills — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, кәсіби шеберлікті дамытуға және жастар арасында білікті еңбек стандарттарын кеңінен насихаттауға бағытталған халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Қазіргі таңда Глеб Астана қаласындағы ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің базасында орналасқан жаттығу лагерінде екі айлық интенсивті дайындықтан өтуде. Ол «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша үш негізгі бағытта машығын жетілдіруде: желілік әкімшілік, Linux серверлерін басқару, Windows серверлерін басқару. Аталған құзыреттілік бойынша жарыстар жұптық форматта өтеді: чемпионатқа әрбір елден екі қатысушыдан құралған команда қатысады. Глеб бұл сынға ASTANA POLYTECHNIC колледжінің түлегі Данил Лопенкомен бірге дайындалуда. Оның айтуынша, тапсырмалардың күрделілігін ескерсек, командалық үйлесімділік пен өзара қолдау ерекше рөл атқарады. Глебтің WorldSkills байқауындағы жолы Қостанай автомобиль көлігі колледжінде басталды. 2022 жылы ол облыстық кезеңнің жеңімпазы атанып, 2024 жылы WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, ол университеттегі оқуын «Allur» компаниясында жүйелік әкімші ретінде еңбек қызметімен ұштастырып келеді. Біз Глебтің жетістіктерін мақтан тұтамыз және оған алдағы дайындық кезеңінде табыс, сондай-ақ WorldSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатында жеңіс тілейміз!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии