Қазақстандағы цифрлық трансформацияның басымдықтары
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Исмаилов студенттермен кездесу өткізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу жолдары" атты жолдауын талқылады.
Кездесуде ҚИнЭУ-дағы цифрлық трансформацияның басымдықтарына ерекше назар аударылды. Al-Sana бағдарламасы аясында университетте жасанды интеллект технологиялары енгізілуде, цифрлық даму индикаторлары іске асырылуда, жаңа буын кадрларын даярлау қарқынды жүргізілуде.
Ректор университетте Робототехникалық жүйелер, Логистика, Агроэкология, Тасымалдауды ұйымдастыру, сондай – ақ жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленген жаңа- Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект сияқты бірқатар сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын іске асыратынын атап өтті.
ҚИнЭУ жасанды интеллект бағытындағы іс-шаралар өткізілетін тұрақты алаңға айналды. Мұнда AI-Week, AI-Leaders сияқты форумдар мен хакатондар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда білім беру мен басқару процестеріне енгізілетін 5 қолданбалы ЖИ-агент әзірленіп жатыр.Университет базасында IT саласына бейімделген практикалық оқытуды қамтамасыз ететін DULATcode бағдарламалау мектебі жұмыс істейді.
ҚИнЭУ оқу процесіне цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, студенттерді заманауи цифрлық экономиканың талаптарына сай даярлауда. Университет Мемлекет басшысының ашықтыққа, интеграция мен инновациялық дамуға бағытталған бастамаларын толық қолдайды.
1 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии