Меңдіқаралықтар біздің университетте білім алуға ниетті
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кәсіби бағдар беру тобы Меңдіқара ауданында жұмыс жүргізді. Аудан орталығының мектеп оқушыларына университеттегі білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары мен оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Ерекшелігі – бұл мәліметтерді кеше ғана мектеп партасында отырған жастардың шынайы тәжірибесі оқушыларға жақын әрі қызықты болды. Сондай-ақ, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдері Қамшат Доненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледжге барып, бітіруші курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында колледжден кейін университетке түсу мүмкіндіктері, оқу ды жалғастыру жолдары мен мамандықтар туралы кеңінен айтылды. Бүгінгі кездесу оқушылар мен студенттердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, ал университетпен танысуға ертерек мүмкіндік алуға септігін тигізді. Енді меңдіқаралықтар біздің университетте білім алуға ниетті.
https://www.instagram.com/p/DPiMqG9jO-e/
7 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии