Ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыспен танысты
Бүгін «Көлік және сервис» кафедрасының оқытушылары 6B07112 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 6В08716 «Аграрлық техника және технологиялар» білім беру бағдарламаларының студенттерімен бірлесіп «Агроинженерия Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Қостанай филиалына таныстыру экскурсиясына қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар филиалдың қызметімен, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың негізгі бағыттарымен, ауыл шаруашылығы және көлік техникасының заманауи үлгілерімен, сондай-ақ Қазақстанның агроинженерлік кешенін жаңғырту шеңберінде іске асырылатын жобалармен танысты. Іс-шара студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге, ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ инженерлік кадрларды даярлау саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын айқындауға ықпал етті.
7 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии