ҚИнЭУ студенті Мемлекет басшысымен сенбілікке қатысты
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Сәуле Турсунова Астанада өткен «Таза Қазақстан» атты жалпыреспубликалық экологиялық акцияға қатысып, жасыл бастамаға өз үлесін қосты. Ағаш отырғызуға бағытталған бұл шара Елордадағы Ботаникалық бақта өтті. Акцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастармен бірге ағаш екті. Сол жастардың қатарында ҚИнЭУ студенті Сәуле Тұрсынова да бар. Ол мыңдаған еріктімен бірге табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысып, ел болашағы үшін маңызды экологиялық бастаманы қолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесіп, олардың белсенділігіне жоғары баға берді: "Бұл - өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар сіздерден үлгі алады". ҚИнЭУ студентінің осындай ірі ұлттық жобаға қатысуы - университет үшін үлкен мақтаныш!
16 қазан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии