Ұзынкөл ҚИнЭУ-ды қарсы алды
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кәсіби бағдар беру тобы Ұзынкөл ауданында болып қайтты. Кездесуге 9 және 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға ҚИнЭУ-да білім алу артықшылықтары айтылып, соның ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы, заманауи білім беру бағдарламалары, ҰБТ-да қажет болатын бейіндік пәндер жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, университеттің ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының өкілі қазіргі жастар арасында сұранысқа ие бағыттар - «Жасанды интеллект» пен «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламалары туралы баяндады. Шара барысында ақпараттық буклеттер таратылып, оларды мұқият оқыған оқушылар ҚИнЭУ туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, арнайы сыйлықтарға ие болды. Бұл күндері ҚИнЭУ-дың қабылдау комиссиясы мектептерде ғана емес, онлайн кеңестер де өткізіп жатыр. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жоспарына сәйкес, техникалық жоғары оқу орындарына түсуші түлектермен виртуалды кездесулер ұйымдастырылды. Бұл кездесулер барысында қабылдау комиссиясының мамандары білім беру бағдарламалары мен университетке қабылдану ережелері туралы кеңінен айтып беруде.
17 қазан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии