Табыс жолы: бейресми білім беру бағдарламаларының түлектері
Вадим Дементей – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің (ҚИнЭУ) түлегі, үздік дипломы бар – «Агрономия» білім беру бағдарламасының бакалавриаты. Алайда, ол мұнымен тоқтап қалмады және одан әрі жаңа білім алуда.
Вадим ҚИнЭУ-де өткізілген «Агроэкология» біліктілікті арттыру курстарын аяқтап, қазір алған білімін іс жүзінде сәтті қолданады. Сонымен қатар магистратурада оқуын жалғастырып жатыр.
Бүгін Вадим бейресми білім алу мүмкіндіктері туралы өз пікірімен бөліседі.
- Сәлеметсіз бе Вадим, өзіңіз туралы айтып кетсеңіз, қайда және кім болып жұмыс істейсіз?
- Сәлеметсіз бе, қазіргі уақытта мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Солтүстік-Батыс өңірлік филиалында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін.
- Неліктен сіз «Агроэкология» курстарын таңдадыңыз?
- Мен агроэкология курстарынан өту себебім өйткені қазіргі егіншілік экологиялық тұрақты және табиғатпен үйлесімді болуы керек деп санаймын. Сондай-ақ экология және егіншілік қауіпсіздігі бойынша қосымша білім алғым келді.
- Осы курстар сізге не берді?
- Агроэкология курстары маған экологиялық егіншілік қағидаларын тереңірек түсінуге көмектесті. Біз 7 модульді қарастырдық. Бұл «Адаптивті егіншілік», «Агроэкология және «Ауыл шаруашылығын экологияландыру»» және басқалар. «Ауылшаруашылық радиоэкологиясының негіздері», «Тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданудың экологиялық мәселелері» ерекше қызықты болды. Оқытушылардан көптеген пайдалы және қызықты материалдар ұсынылды. Мен алған білімімді жұмыста қолдандым. ҚИнЭУ осындай курстарда оқуға мүмкіндік беретініне өте қуаныштымын.
- Сіз мамандығыңыз бойынша басқа курстардан өтуді қалайсыз ба?
-Иә, әрине. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көптеген курстарды онлайн және офлайн режимінде өтуге болатыны өте ыңғайлы. Әр жұмыста білім қажет. Өз саласында кәсіпқой маман болу үшін әрқашан біліктілікті арттыру керек.
- Вадим, уақыт бөлгеніңіз үшін рақмет, сізге сәттілік тілейміз.
- Рақмет.
18 тамыз 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии