Финалда!
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері «Инновация. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатонның өңірлік іріктеу кезеңінде 1 орын иеленді. Іс-шараны «Ауыл» партиясы мен Acapedia Kazakhstan Limited бірлесе ұйымдастырды. EcoBone деп аталатын команда құрамында студенттер Аружан Усупова, Алдияр Қужахметов, және ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенті Анастасия Захарченко бар. Команда атауы кездейсоқ таңдалмаған - оның өзінде жобаның мәні жатыр. Жобаның идеясы - сүйек ұнынан малға арналған экологиялық жем қоспасын өндіру. Бұл өнім сүйектерді қайта өңдеу арқылы алынады және ауыл шаруашылық жануарлардың сүйек жүйесін нығайтуға бағытталған. Осы аптада олар өз жобаларын Астанада өтетін республикалық финалда қорғайтын болады. Студенттерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!
20 қазан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии