Сарыкөлге бардық - келесі мектеп бізді күт!
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кәсіби бағдар беру кампаниясы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бірінші тоқсан келесі аптада аяқталады, ал біз болсақ облысымыздың аудан мен қалаларының жүздеген оқушылармен танысып, оларға болашақта қандай бағытта білім алу керектігі туралы толық ақпарат беріп үлгердік. Бүгінгі кәсіби бағдар беру тобы Сарыкөл ауданына бет бұрды. Мамандар мектеп оқушыларына және Қазақстан агротехникалық колледж студенттеріне ҚИнЭУ-да білім алудың артықшылықтары жайлы кеңінен айтып берді: Білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі Сапалы профессорлық-оқытушылық құрам Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші өте жоғары Аудтиториядан тыс өмір: студенттік клубтар, түрлі іс-шаралар және тб. Сонымен қатар, бұл күндері ҚИнЭУ кафедралары да белсенді жұмыс істеуде. Оқытушылар мектептерге барып, білім беру бағдарламалары, дайындық бағыттары және мансаптық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндауда. Осы аптада әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне болып, мемлекеттік қызметкерлерге магистратура бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді. Біздің жаңалықтарымыздан қапы қалмаңыз - жақын арада біз сіздің мектебіңізге де келетін шығармыз!
17 қазан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии