Мансапқа бағдар
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының командасы Қостанай ауданының Владимиров жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесіп, жаңа жобаның алғашқы қадамын бастады.
«Мансаптық кәсіби тәлімгерлік: ауыл мектеп оқушыларына үздіксіз қолдау көрсету және мансаптық бағдар беру моделі» жобасы бір жылға жоспарланған.
Алғашқы кездесуде оқушылар ҚИнЭУ-дің білім беру бағдарламаларымен, университет өмірімен және студенттерге арналған бағдарламалармен танысты.
Оқушылардың ерекше қызығушылығын «ПрофИИ-навигатор» тудырды. Бұл құрал оқушының қызығушылығы мен бейімін анықтап, соған қарай болашақта білім алуға және мамандық таңдауға болатын бағыттарды ұсынады.
«ПрофИИ-навигаторды» ҚИнЭУ оқытушылары Динара Туленгалиевна Алдашева, Наталья Алексеевна Камышева және Мадина Даулетжановна Мусина әзірлеген. Әзірлемеге авторлық куәлік алынған.
ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, университеттегі академиялық ұтқырлық, гранттар, жеңілдіктер және студенттерге берілетін мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Ал Мансап және бизнес -көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гуль Сералиевна Сегизбаева дуальды оқыту, өндірістік тәжірибе және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚИнЭУ мен Владимиров жалпы білім беретін мектебі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Алда - бірлескен жұмыс, жана кездесулер, жобалар және университет өмірімен жақынырақ танысу.
Кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Владимиров ауылдық округінің әкімі Алия Кикбаевна Жунусоваға алғыс білдіреміз.
18 қыркүйек 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей