AI Week басталды
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде AI&Digital Bridge 2026 форумы аясында AI Week және ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының апталығы өз жұмысын басталды.
Технология, жасанды интеллект, бағдарламалау және робототехникаға арналған апталықтың ашылуында ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректор Нұргүл Қалиевна Удербаева қатысушыларды құттықтап, баршаға жемісті жұмыс пен белсенділік тіледі.
Ал ақпараттық технологиялар және автрматика кафедрасының меңгерушісі Динара Туленгалиевна Алдашева алдағы бес күннің мазмұнды әрі қызықты өтетінін айтып, қатысушыларды түрлі челлендждер мен сыйлықтардың күтіп тұрғанын атап өтті.
Апталықтың алғашқы күнінде оқытушылар қатысушылар үшін технологиялар мен жасанды интеллект тақырыбында қызықты интерактив ұйымдастырып, сауалнама өткізді. Қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, жаңа ақпарат алды.
Университет және колледж оқытушыларын, сондай-ақ студенттерді бес күн қатарынан арнайы біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, ашық сабақтар, интерактивті ойындар күтуде.
21.09.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей