AI Week: ғылым және ЖИ
Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының апталығының үшінші күні Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Ғылыми идеядан Scopus-тағы жарияланымға дейін: ғылыми мақаланы дайындау және жазу» тақырыбында семинар өтті.
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Михаил Юрьевич Зарубин оқытушылармен және студенттермен ғылыми мақала дайындау мен жариялауға қатысты практикалық ұсыныстарымен, құнды кеңестерімен бөлісті. Семинар барысында ол ғылыми жарияланымдардың негізгі түрлеріне тоқталып, ғылыми-метрикалық деректер базалары туралы түсінік берді. Сондай-ақ ғылыми жұмысты жариялау үшін журналды дұрыс таңдау жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар бүгін кафедра меңгерушісі Динара Туленгалиевна Алдашева студенттерге арналған «Өнеркәсіптік ЖИ: өндірістегі нейрондық желілер» тақырыбында сабақ өткізді. Қатысушылар өнеркәсіптік жасанды интеллект ұғымын талқылап, нейрондық желілердің өндірісте қолданылу бағыттарымен танысты.
Бұдан бөлек, апталық аясында Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының оқытушылары әзірлеген біліктілікті арттыру курстары бойынша оқыту өз жалғасын тапты.
23.09.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей