Өнеркәсіп пен жасанды интеллект түйіскен алаң
Бүгін М.Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Qostanai AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge» хакатоны өз жұмысын бастады. Келесі үш күнде ҚИнЭУ өнеркәсіп пен жасанды интеллекттің тоғысып, студенттік идеялардың өндіріс мәселелерімен кездесетін алаңына айналады. Іс-шара жасанды интеллект саласындағы AI-Sana бастамасын қолдау мақсатында Халықаралық электрбайланыс одағымен, сонымен қатар серіктестеріміз - Qostanai Hub және Allur компанияларымен бірлесе, Қостанай облысы әкімдігінің Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл іс-шара - Халықаралық Электрбайланыс Одағы мен ҚИнЭУ және серіктестердің стартап-бастамаларды дамыту бойынша үшінші бірлескен жобасы. Қостанайға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қарағанды индустриалды университеті, Astana IT University командалары келді. Қатысушыларды ҚИнЭУ-дың Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының жетекшісі Жанат Джабасова мен Qostanai Hub директоры Дамир Мнайдаров, Халықаралық электр байланысы одағының сарапшысы Анастасия Лагутик құттықтау сөз сөйлеп, барлығына сәттілік тіледі. Қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің көшбасшысы Allur компаниясы қатысушыларға нақты өндірістік тапсырма ұсынды. Олар машиналық оқыту және компьютерлік көру әдістерін пайдаланып, автомобиль бөлшектерінің фотосуреттерін нақты уақытта талдайтын және бояу ақауларын анықтайтын жасанды интеллект жүйесін жасауға тиіс. Одан кейін Aman Online стартапының негізін қалаушы және Impro компаниясының тең құрылтайшысы Аружан Меде тренинг өткізді. Ол қатысушыларға өнімді маркетингтен инвестиция тартуға дейінгі жолда қалай құруға болатынын түсіндіріп, IT-жобаны не үшін стартапқа айналдыру маңызды екенін айтты. Үш күн бойы қатысушыларды шеберлік сабақтар, менторлық сессиялар, нақты деректер жиынтықтарымен жұмыс күтіп тұр. Финал 3 қарашада өтеді. Сол кезде командалар өз шешімдерін академиялық және бизнес-сарапшыларға таныстырып, жасанды интеллекттің Қазақстан өміріне енуі – тек болашақ емес, қазіргі уақыт екенін дәлелдейді.
1 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
 - - Робототехникалық жүйелер
 - - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
 - - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
 - - Жылу энергетикасы
 - - Автоматтандыру және басқару
 - - Машина жасау
 - - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
 - - Электр энергетикасы
 - - Логистика (салалар бойынша)
 - - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
 - - Аграрлық техника және технология
 - - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
 - - Агрономия
 - - Агроэкология
 - - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
 - - Менеджмент
 - - Есеп және аудит
 - - Қаржы
 - - Экономика
 - - Спорттағы Менеджмент
 - - Туризм
 
							
						
Новости партнеров
Банк идей
                
		            
		            
		            
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		
Комментарии