Индустрияны өзгертетін идеялар
Бүгін «Qostanai AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge» хакатоны өз мәресіне жетті. Бұл шара Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген креативті жастардың басын біріктірді. Қостанайлық командалармен қатар, ҚИнЭУ-дың үш командасы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан университеті, Қарағанды индустриялық университеті және Astana IT University студенттері қатысты. Үш күнге созылған цифрлық марафон барысында қатысушылар Халықаралық электр байланыс одағы, «НИТ» АҚ және Wildberries компанияларының менторлары мен сарапшылары өткізген қарқынды тренингтерге қатысты. Жастар деректерді визуализациялау, презентация жасау және питчинг өнері бойынша өз білімдерін құнды ақпаратпен толықтырды. Финал алдында ҚИнЭУ ректоры Арман Исмаилов қатысушыларға сәттілік пен жарқын идеялар тіледі. Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев: «Кәсіпорындар мен оқу орындарының ынтымақтастығы - жаңа идеялар мен технологиялардың бастауы. Осындай маңызды хакатонның өтуі - бизнес, білім және мемлекеттің тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі», - деді өз сөзінде. Мараптау рәсімінде ҚИнЭУ президенті Рихсибай Мамедов кұттықтау сөз сөйлеп, Халықаралық электр байланыс одағына - ұзақ мерзімді серіктестік пен жастар бастамаларын қолдағаны үшін, Allur компаниясына - өндірістік кейс пен практикалық оқытуға белсенді қатысқаны үшін, Qostanai Hub командасына – технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, Қостанай облысы әкімдігіне – өңірдің цифрлық трансформациясын ілгерілетуге атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Финалда 16 команда нақты өндірістік тапсырма бойынша өз шешімдерін ұсынды. Мықтылардың қатарында - біздің университетіміздің ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының студенттер де бар! Бірінші орын - Қостанай өңірлік университетінің «Lkpat» командасы. Оларға 500 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Екінші орын - Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «NextGenDeys» командасы. Команда мүшелері 300 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Үшінші орын - Назарбаев зияткерлік мектебінің «Сығанақ» командасы. Оларға 200 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Сонымен қатар, «Сығанақ» командасы «Aman» стартапының негізін қалаушы Аружан Меденің арнайы сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарға Allur компаниясынан «Белый ветер» электроника дүкендер желісіне қаржылай сертификаттар табысталды. Барлық финалистер өндірісті дамытуға қосқан үлестері үшін қатысушы сертификаттарымен марапатталды. «Qostanai AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge» жастардың әлеуетін ашып, өнеркәсіпке арналған практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берген тамаша алаңға айналды.
https://www.instagram.com/p/DQl6yIJDIe_/
3 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
 - - Робототехникалық жүйелер
 - - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
 - - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
 - - Жылу энергетикасы
 - - Автоматтандыру және басқару
 - - Машина жасау
 - - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
 - - Электр энергетикасы
 - - Логистика (салалар бойынша)
 - - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
 - - Аграрлық техника және технология
 - - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
 - - Агрономия
 - - Агроэкология
 - - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
 - - Менеджмент
 - - Есеп және аудит
 - - Қаржы
 - - Экономика
 - - Спорттағы Менеджмент
 - - Туризм
 
							
						
Новости партнеров
Банк идей
                
		            
		            
		            
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		        
		
Комментарии