KEnEU International Week 2025: дәрістер, воркшоптар
KEnEU International Week 2025 жұмысының үшінші күні ашық сессияларда жалғасты. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті AGROKAZ жобасының жүзеге асырылуы, студенттердің мүмкіндіктері, тағылымдамалар және жұмыс берушілермен ынтымақтастық туралы баяндады. Негізгі бағдарламамен қатар шетелдік спикерлердің мазмұнды әрі тартымды ашық дәрістері өтті. Әрбір лекция өз тыңдарманын жинай алды. Азад Ислам университетінің спорт менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джамшид Хемати «Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік» тақырыбында шабыттандырушы дәріс оқыды. Ол нақты тәжірибелермен бөлісіп, еңбек нарығындағы жаңа үрдістерді түсіндіріп, өз кәсібін ашуға көмектесетін маңызды дағдыларды атап өтті. Студенттер мен оқытушылар биотехнология мен аграрлық инновациялар әлеміне Торайғыров университетінің биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Виктор Камкинмен бірге саяхат жасады. «Дәрілік өсімдіктерді өсіру - ауыл шаруашылығын әртараптандырудың бір тәсілі» атты дәріс барысында қатысушылар сұранысқа ие өсімдік түрлері, өсіру технологиялары және бұл бағыттың экономикалық әлеуеті туралы жан-жақты ақпарат алды. Ол дәрілік өсімдіктерді өсіру тек ғылыми зерттеу ғана емес, ауыл шаруашылының келбетін өзгерте алатын болашағы зор бизнес-жоба екенін атап өтті. Йосип Юрай Штросмайер университетінің профессоры, PhD докторы Крунослав Змайч «Оқу үдерісін бағалау: ұйымдастырушылық және логистикалық аспектілер» атты тәжірибеге бағытталған воркшоп өткізіп, білім сапасын бағалаудың заманауи тәсілдерін таныстырды.
26 қараша 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии