ҚИнЭУ жетістіктері
Бүгін президенттік сағатта ерекше жетістіктерімен және белсенділігімен көзге түскен студенттер мен оқытушылар марапатталды.
KEnEU International Week 2025 халықаралық іс-шарасын өткізу барысында кәсіби тілдік қолдау көрсеткен студенттер мен оқытушыларға айрықша алғыс білдірілді. Олардың шет тілдерін жоғары деңгейде меңгеруі, жауапкершілігі мен белсенділігі арқасында іс-шарада жоғары сапалы аударма қамтамасыз етіліп, түрлі елдерден келген қатысушылар арасындағы тиімді әрі ыңғайлы коммуникация орнатылды.
Марапатталғандар қатарында: Фатима Александровна Крупенкина, Гульзия Кабжановна Ескатова, Адильбек Серикович Сулейменов, Аружан Женисовна Даулетназарова, Анара Турсунова, сонымен қатар студенттер: Дария Кабдулина, Роман Артемьев, Дмитрий Степаненко, Кирилл Сайко, Темирлан Марат.
Қостанай облысы Дін істері басқармасының шешімі бойынша видеоматериалдар байқауында екінші орын алған және студенттермен бірге әлеуметтік мәні бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Камила Александровна Ахметова алғыс хатпен марапатталды.
Бүгін магистрант Глеб Ихласов ерекше ықыласқа ие болды. Ол финтех, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы республикалық студенттік инновациялық жобалар байқауында үшінші орын иеленді. Ғылыми жетекшісі Надежда Ивановна Росенкоға ғылыми әлеуетті дамыту қосқан үлесі үшін айрықша алғыс айтылды.
Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «Кәсіптегі әйел» зияткерлік ойында үшінші орын алған студенттер командасы алғыс хат және грамотамен марапатталды. Сонымен қатар облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты филиалы ұйымдастырған жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері арасындағы «Ақылой шайқасы» зияткерлік ойынына белсене қатысқаны үшін «Дулатов» зияткерлік клубы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге «Тәуелсіздік ұрпағы: жастар бастамаларын жүзеге асыру платформасы» аясында «Идеялар реакторы» кейс-ойынына қатысқаны үшін алғыс хат табысталды.
Екінші курс студенті Карина Казачук «ЛОГИСТИКА 360: трендтер, тәжірибе, шешімдер» халықаралық студенттік конференцияға қатысқаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі — Лейла Асимовна Войцеховская. Сонымен қатар Карина «Ұлы дала тұлғалары» республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі - Райхана Казихановна Абдрахманова.
«Жасанды интеллект» халықаралық практикалық конференциясы аясында өткен жоғары оқу орындары арасында студенттік конференцияға қатысқаны үшін Арайлым Орынбасар І дәрежелі дипломмен, Акбота Аскар және Сағыныш Мырзахмет ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олардың ғылыми жетекшілері - Роза Адилбековна Абилкаирова және Гульбахит Аждаровна Сыздыкова.
Баршаңызды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!
23 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии