Спорт университеттерді біріктірді
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай облысының білім беру қызметкерлері арасында шағын футболдан жолдастық матч ұйымдастырылды. Спорттық шараның бастамашысы - ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов. Ол өзі де ойынға қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтынын көрсетті. - Бүгін жақсы, жарақатсыз футбол ойнап, бір-бірімізбен танысып, достасып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтсақ деймін, - деп қатысушыларға тілегін білдірді. Жарысқа 7 команда қатысты: ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Рудный индустриялық университеті, ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті және біздің университет. Ойындар достық әрі жоғары деңгейде өтті. Алаңда әдемі комбинациялар, дәл пасстар, жанкүйерлердің қолдауы мен нағыз командалық рух көрініс тапты. Тартысты кездесулердің нәтижесінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командасы турнир жеңімпазы атанып, чемпион кубогін иеленді. Екінші орын - А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің, ал үшінгі орын академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің еншісінде. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, спорттық мереке өзара сыйластық пен жағымды эмоцияға толы жағдайда естелік суретке түсумен яқталды.
8 қаңтар 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии