Инклюзивті ортаға бойлау: сезіну және көмектесу
Бүгін студенттер, оқытушылар және кәсіпкерлер инклюзия туралы сөз етіп қана қоймай, оны өздері арқылы сезініп, тең мүмкіндіктердің қаншалықты маңызды екенін түсінді. ҚИнЭУ–Атамекен әлеуметтік кәсіпкерлік хабында мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік бизнес - тең мүмкіндіктер қоғамын дамыту кілті» атты шеберлік сыныбы өтті. Шараға спикер ретінде Костанай облысы кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Динара Жазитовна Куджулова қатысты. Үш топқа бөлінген қатысушылар интерактивті жаттығулар арқылы ерекше қажеттілігі бар адамдардың күнделікті кедергілерін сезінді. «Еске түсіру - навигатор» жаттығуында көздері жұмылған күйде көршісінің сырт келбеті мен киімін сипаттау керек болса, «Біздің қолдар - біздің көздеріміз» сайысында заттарды қолмен анықтау тапсырмасы берілді. Бір тапсырмада тіпті аяқпен тактильді еден жабындарын сезіну керек болды. Қатысушылар көзі көрмейтін адамдардың осы рельефті плиталар бойынша бағдарланатынын білді. Арнайы тапсырмада бір қатысушының көзі жабылып, екіншісі сөйлемей, ермексаздан фигура жасап көрсету болды. Бұл жаттығу қатысушыларға бір-бірін сезінудің, сөзсіз қарым-қатынас жасаудың және өз ойыңды жаңа тәсілмен жеткізудің қаншалықты маңызды екендігін жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар инклюзияны дамыту бойынша өз идеяларын ұсынды. «Демалыс күндері көңілді таңғы ас» жобасының жетекшісі, кәсіпкер Татьяна Зюбенко инклюзивті таңғы кездесулер форматын ұсынса, оқытушылар тобы мектеп жасынан бастап тәжірибелік инклюзия сабақтарын енгізуді ұсынды. Студенттер мимикалық тіл курстарын, баспа материалдарын аудиоформатқа көшіруді және дабыл батырмаларын орнатуды ұсынды. Барлығы - қолжетімді, түсінікті және өмірге қажетті бастамалар. Шеберлік сыныбынан алынған сабақ: денсаулық - басты құндылық және оны бағалау өте маңызды. Барлық қатысушыларға Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының алғыс хаттары табысталды. Шара білім беру мен кәсіпкерлік қауымдастығының бірлесе жұмыс істеуі арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
16 қаңтар 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии