Болашақ білім беру - инновацияда
Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында «ЖОО-да жеке педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және инновациялық оқыту технологияларын енгізу» тақырыбында әдістемелік дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетімен бірлесе ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық зерттеу қызметін дамытуға және инновациялық білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізуге арналды. Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің білім беру бағдарламалары басқармасының басшысы Бақыт Мелисқызы Баядилова қазіргі жағдайда дайын әдістемелік шешімдерді ғана қолдану жеткіліксіз екенін, педагогикалық қызметте зерттеушілік көзқарасты дамыту аса маңызды екенін атап өтті. ҚИнЭУ оқу-әдістемелік жұмыс секторының меңгерушісі Дана Карисовна Жұмамбетова цифрландыру, нормативтік құжаттардың жаңаруы және тәжірибеге бағытталған оқыту түрлерінің кеңеюі жағдайында оқытушының рөлі арта түсетінін атап өтті. Бүгінде оқытушы тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар өз педагогикалық қызметін талдап, оқыту үдерісіндегі мәселелерді анықтай алатын зерттеуші болуы тиіс. Жобалық технология және оның артықшылықтары туралы әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Раиса Алексеевна Притула баяндады. Ол жобалық технологияның оқу үдерісінің негізі ғана емес, сонымен қатар өндіріс саласына өз жобалары мен зерттеулерімен шығатын түлектердің кәсіби дамуына жол ашатынын атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлзия Қабжанова Ескатова кәсіби ағылшын тілін оқытуда заманауи білім беру технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Астаналық әріптестер де заманауи университеттегі педагогикалық зерттеулердің өзектілігіне, нәтижелеріне, инновация мен білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Аталған дөңгелек үстел тәжірибе алмасу мен академиялық ынтымақтастықты кеңейтудің тиімді алаңына айналды.
30 қаңтар 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии