Конституциялық реформа 2026
Бүгін Қостанайда алдағы референдум мен жаңа Конституцияны қабылдаудың ел болашағы үшін маңызын талқылауға арналған этномәдени бірлестіктер мен жастар өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Қостанай инженерлік-экономикалық университет президенті Рихсибай Абдурахманович Мамедов бастаған студенттік делегациясы қатысты. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру үшін облыстық штаб өкілдері шақырылды. Штаб жұмысына 50-ден астам адам қолдау білдірді. Оның құрамына саяси партиялардың өңірлік құрылымдары, қоғамдық бірлестіктер, мәслихат депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдары кірді. Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Батырбек Мықансалықұлы Ахметов алдағы референдумда қазақстандықтар елдің жаңа стратегиялық даму бағытын анықтайтынын жеткізді. Конституциялық өзгерістер ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды шешім болғандықтан, оларды қолдау және жан-жақты талқылау әр азаматтың саналы ұстанымына байланысты. «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы консультативтік-кеңесші органдар да бұл үдеріске белсенді қатысуда. Халықтық сарапшылардың пікірі ерекше маңызды, өйткені ол қоғамның ортақ ойын білдіреді. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Денис Анатольевич Качеев өз сөзінде: - Біз жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында тұрмыз. Биылғы жылдың 15 наурызында жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жоба - бұл жаңа ережелер мен Қазақстанның дамуындағы жаңа бағыт, - деп атап өтті. Жастарға 15 наурыздағы референдумға қатысу маңызды екені жеткізілді, өйткені ел болашағы әрбір азаматтың дауысына тәуелді.
16 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии