Бизнес-жоспардың қаржылық моделі
ҚИнЭУ-дің Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері үшін «Бизнес-жоспарды әзірлеудегі қаржылық модель» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды. Өткен аптада студенттер ҚР «Атамекен» ҰКП төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболевпен бірге бизнес-жоспар құруды үйренсе, бүгін бизнес-жоспардың маңызды бөлігі - қаржылық модельді талқылады. Бұған дейін үш команда өз бизнес-жобаларын ұсынған болатын: аутсорсингтік компания, мысықтары бар кафе және спорт-бар. Бүгінгі сабақта студенттер қаржыны жоспарлауды, яғни кірістерді, шығыстарды және пайданы есептеуді үйренді. Александр Анатольевичтің айтуынша, кез келген стартаптағы ең маңызды әрі өзекті бөлім - қаржы. Дәл осы қаржылық модель жоба қалай табыс табатынын, инвесторларға қаражатты қалай қайтаратынын немесе мемлекеттік гранттарды қалай тиімді пайдаланатынын анықтайды. Егер қаржылық жоспарлау дұрыс жүргізілмесе, жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаса және жаңа клиенттерді тартуға қызығушылық болмаса, кәсіпкерлердің 75%-ы алғашқы үш жылда банкротқа ұшырайды. Өнімді талқылаудан кейін Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы кофе-брейк ұйымдастырды. Одан кейін студенттер практикалық бөлімге көшіп, өз жобаларының шығыстары, кірістері мен пайдасын нақтылап жазды. Келесі сейсенбіде студенттер шешендік өнер бойынша сабағы өтеді. Ал қорытынды кезеңде атысушылар өз жобаларын кәсіби түрде таныстырады. Курс соңында студенттерге бизнес-жоспарлау және қаржылық модель құру негіздері бойынша сертификаттар табысталады.
7 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии