Үздіктер үштігінде!
Біздің студенттер «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты интеллектуалды агрохакатонда жүлделі үшінші орынды иеленді.
Карина Казачук, Никита Кужахметов, Ажар Нурмагамбетова және Томирис Умирбековадан жинақталған Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «EcoVikings» командасы Recircle атты экологиялық цифрлық жобасын ұсынды.
Команда мүшелері ҚИнЭУ «Жасыл алаң» жобасының белсенді қатысушылары, сондықтан тақырып таңдауы заңды. Олардың жобасы пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған.
Жобаның негізгі идеясы - пластик қалдықтарын бөлек жинаудың «ақылды» жүйесін құру. Жоба аясында университет аумағында бұрыннан орнатылған экобокстарға қосымша жаңа экобокстар орналастыру, цифрлық платформа әзірлеу және пластик тапсырғаны үшін пайдаланушыларды балл беру арқылы ынталандыру қарастырылған.
ҚИнЭУ командасының жобасы өзектілігі мен болашағы зор бастама ретінде сараптамалық қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Студенттерімізді хакатонда жоғары нәтиже көрсеткенімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
8 сәуір 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии