Шырайлы Шымкентте қонақтамыз
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» жобасы аясындағы ауқымды білім көрмесіне белсенді түрде қатысуда. Аталған көрмеге Қазақстанның 60-тан астам жоғары оқу орны, сондай-ақ шетелдік университеттердің филиалдары қатысуда. Осындай кең ауқымды алаңда біздің университеттің болуы - біз үшін үлкен мәртебе. Біздің университет өкілдері шырайлы Шымкент қаласының талапкерлерін білім беру бағдарламаларымен, халықаралық жобалармен таныстырып, оқу ордамыздың артықшылықтары, оқу мүмкіндіктері, гранттар және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.
16 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии