Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Шахматтан бақ сынасты

Бүгін Қостанай инженерлік университеті нағыз зяиткерлік тартыс алаңына айналды. Мұнда университеттің маркетинг және коммуникациялар бөлімі ұйымдастырған Қостанай облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында облыстық шахмат турнирі өтті.

Жарысқа Камысты ауданының №1 мектебінің, Жітіқара ауданының №12 мектебінің, Алтынсарин ауданының Докучаев жалпы білім беретін мектебінің, Әулиекөл ауданының Новонежин мектебінің, Б.Майлин ауданының Береговой мектебінің, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясының, сондай-ақ Қостанай қаласының №6, №17, №2 мектептерінің, «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынің, С.Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушылары және Қостанай құрылыс колледжі мен ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенттері қатысты. Барлығы 30-дан астам қатысушы жиналып, тек логикасын ғана емес, төзімділігін де сынады.

Университетіміздің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры Нургуль Калиевна Удербаева мен әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Серикович Ахметов қатысушыларға сәттілік пен сенімді ойын тіледі.

Залда тыныштық орнағанымен, шахмат тақталарының үстінде нағыз тартыс жүріп жатты. Әр жүріс мұқият ойластырылған, әр қателік жеңіске әсер етуі мүмкін. Турнир швейцарлық жүйе бойынша 7 кезеңнен тұрды, бұл бәсекені одан әрі шиеленістіре түсті.

Қатысушылар тек жарысып қана қоймай, университет мүмкіндіктерімен де танысты. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш білім беру бағдарламалары туралы айтып, ҚИнЭУ ұсынатын мүмкіндіктермен таныстырды.

Тартыс соңғы кезеңге дейін сақталды. Нәтижесінде:
 турнир чемпионы - Қостанай құрылыс колледжінің студенті Тимур Нұрпиисов.
 екінші орын - Әулиекөл ауданының Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин мектебінің оқушысы Нұралы Аманның еншісінде.
 үшінші орын - Қостанай қаласындағы №6 мектептің оқушысы Темірлан Сейдағалиевқа тиесілі.

Жеңімпаздарға бірінші оқу жылына 100%, 75% және 50% жеңілдіктер беретін сертификаттар табысталды.

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл турнир жастар арасында шахматқа деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Демек, бұл бастаманың жалғасы болары сөзсіз.

Облыстық турнирдің бас төрешісі, ФИДе арбитрі Павел Владмирирович Русановқа және Dostyk @dostyq.qostanay білім беру орталығына қолдау көрсетіп, сыйлықтар ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

22 сәуір 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы