Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Интернет алмастыра алмайтын құндылық

Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ғылыми кітапханасында ерекше жылы, шабытқа толы кездесу өтті.

Мұнда қазақстандық деректі киноның майталманы, танымал журналист Гүлжібек Баякенқызы Бекмұхамедовамен «Өмір кітабы уақыт объективінде» атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне тұспа-тұс келуі де ерекше мәнге ие.

Бүгінгі конақ - әр сөздің қадірін білетін жан. Ең қызығы, ол кітап оқуды небәрі 4 жасынан бастаған. Бала кезінен-ақ журналист болуды мақсат етіп, сол жолда табандылықпен еңбек етті. Алғашқы «Мен өз ауылымды сүйемін» атты мақаласы 1968 жылы «Новый путь» газетінде жарық көрген.

Содан бері ондаған жылдар бойы шығармашылықпен айналысып, «телепортрет» жанрында 50-ден астам деректі фильм түсірді. Оның фильмдерінің басты кейіпкерлері - еңбек адамдары, ал негізгі тақырыбы - туған жер, ел тарихының маңызды кезеңдері.

Әсіресе, оның өмір жолында ерекше орын алған кітаптар туралы айтқаны студенттердің жүрегіне жетті. Дәл сол кітаптар оның дүниетанымын қалыптастырып, адамдарды тереңірек түсінуге, өмірді шынайы көруге үйреткен.

Кездесу соңында ол жастарға маңызды кеңес берді:
- Жақсы кітаптар оқыңдар, өйткені ешқандай интернет кітаптың орнын баса алмайды. Кітаптың өз энергиясы бар. Оқыңыздар. Сезініңіздер. Ой түйіңіздер!

23 сәуір 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы