Еңбек пен талпыныстың нәтижесі
Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының студенттері Қанат Тлеубергенов пен Надежда Романова 29-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.
Біздің студенттер «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары теориялық дайындықтары мен кәсіби білімдерін көрсетіп, бірінші кезең тапсырмаларын сәтті орындап, екінші кезеңге сенімді түрде жолдама алды. Бұл олардың құзыреттілігін, мақсатқа ұмтылысын және таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын айқын дәлелдеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша команда мен олардың жетекшісі Айгүл Сералиқызы Сегізбаева алғыс хатпен марапатталды. Бұл - олардың еңбегі мен табандылығының лайықты бағасы. Сонымен қатар, университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаиловтың атына да алғыс хат жолданды.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
4 мамыр 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии