Жаңа Конституция – тәуелсіздік тірегі
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған кездесу өтті. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Сағындықұлы Исмаиловпен жүздесті.
Кездесу барысында спикер Ата Заңға енгізілген негізгі жаңашылдықтарды кеңінен түсіндіріп, олардың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, Қазақстан бүгінде қоғамның жаңа талаптарына сай жаңару кезеңіне аяқ басты. Конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, саяси институттардың өзара байланысын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл бастамалар заң үстемдігін нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге жол ашады.
Жиынға қатысушылар енгізілген өзгерістер елдің тұрақты дамуына серпін беріп, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайта түсетінін атап өтті.
2 маусым 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии