Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Сианьдағы студенттік жаз!

Сианьдағы студенттік жаз!

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің екі студенті Қытайдың көне әрі заманауи шаһарларының бірі - Сиань қаласында өтіп жатқан халықаралық жастар спорттық-мәдени лагеріне қатысуда.

4-10 маусым аралығында ұйымдастырылған «Youth Sports & Cultural Exchange Camp» жазғы лагері әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерді бір алаңға тоғыстырып, спорт, білім және мәдениет арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Лагерь бағдарламасы мазмұнды іс-шараларға толы. Қатысушылар Батыс Қытайдың ғылым және технологиялар инновациялық портын аралап, Сиань қаласының жетекші жоғары оқу орындарымен танысады. Сондай-ақ қысқы және су спорт түрлеріне арналған жаттығу базаларында болып, Қытай халқының дәстүрлі спорт түрлері мен мәдени мұрасын жақыннан тануға мүмкіндік алады.

Айдаһар қайықтары жарысының тарихы мен ерекшеліктері, ұлттық өнер мен спорт элементтері де бағдарлама аясында кеңінен таныстырылады.

Айта кету керек, лагерьді Қытайдың ең беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын Сиань Цзяотун университетінің дене шынықтыру және спорт институты ұйымдастыруда.

Мұндай халықаралық жобалар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, түрлі елдердің жастары арасында достық байланыстар орнатуға және әртүрлі мәдениеттерді жақынырақ тануға жол ашады.

ҚИнЭУ студенттері үшін бұл сапар - халықаралық тәжірибе жинақтап, университеттің абыройын әлемдік деңгейде танытудың тағы бір мүмкіндігі.

4 маусым 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы