Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Restart жобасындағы жетістік

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті республикалық «ReStart» экологиялық жобасында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Финалдық кезеңде университет атынан Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Айгүл Сегізбаева және біздің студент - экобелсенді Карина Казачук қатысты. Жоба аясында университетте студенттер мен оқытушыларды экологиялық бастамаларға тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді.

Нәтижесінде, Қазақстанның 23 жоғары оқу орнының арасынан Айгүл Сегізбаеваның куратор ретіндегі жұмысы еленді. Ол «Белсенді куратор» номинациясы бойынша үшінші орын иеленіп, алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталды. Бұл марапат оның көшбасшылық қабілетін, ұйымдастырушылық шеберлігін, бастамашылдығын және жастар арасында экологиялық қозғалысты дамытуға деген шынайы қызығушылығын мойындау болып табылады.

 Жобаға қатысу университетке еліміздегі өзге жоғары оқу орындарымен кәсіби байланыстар орнатуға және тұрақты даму бағытындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Олардың барлығы ортақ мақсат - қоршаған ортаны сақтау және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету жолында бірікті.

Осы орайда «Жасыл коалиция Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігіне жобаны жоғары деңгейде өткізгені, қолдауы, кеңестері үшін алғыс білдіреміз.

 «ReStart» жобасы мемлекет, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері және жастардың бірлескен күші арқылы табиғатты қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және келер ұрпақ үшін тұрақты болашақ құруға нақты үлес қосуға болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

4 маусым 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы