Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ғылыми кеңесінде оқу жылының қорытындылары шығарылды. Биылғы оқу жылы жемісті де табысты болды.
Жиын алғыс хаттар мен марапаттарды табыстаудан басталды. Қостанай облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, кәсіпкер Гүлсара Мырзабекқызы Жаманқұлова «Болашақтың 30 жобасы» стартаптар байқауын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Мансап және бизнес- көшбасшылығы орталығының директоры Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаеваға алғыс хат табыс етті.
Сондай-ақ аға оқытушылар Ләззат Алдабергенқызы Бимурзина мен Наталья Алексеевна Камышеваға, студенттер Аружан Даулетназароваға, Альбина Рыжоваға және стартаптар байқауында үшінші орын иеленген Карина Казачукке сертифкаттар табысталды. Жүлдегерді бұл байқауға дайындаған оқытушы Лейла Асимовна Войцеховская алғыс хатпен марапатталды.
Өз кезегінде университет басшылығы Гүлсара Мырзабекқызына белсенді қолдауы мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар бүгін университетіміздің «ReStart» республикалық экологиялық жобасына белсенді қатысқан командасы құрметке ие болды. Еске сала кетейік, Мансап және бизнес –көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаева «Үздік куратор» номинациясының жеңімпазы атанып, алғыс хатпен марапатталған болатын. Сондай-ақ экологиялық белсенділік танытқан бірқатар студенттерге алғыс хаттар табысталды.
Марапаттау рәсімі мұнымен аяқталған жоқ. Студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлесі, жоғары деңгейдегі жетекшілігі және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты бойынша XVIII республикалық студенттік олимпиадаға команданы үздік дайындағаны үшін Ай-Гүл Сералиқызы Сегізбаеваға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ректорының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар ол Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының атынан көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хатпен марапатталды.
Бүгін университет студенті Андрей Першин «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының дипломы мен төсбелгісін алды. Ол - аталған қордың қолдауымен білім алып, университетімізді тәмамдаған алғашқы түлектердің бірі.
Жиналған қауым Андрейге кәсіби жолында сенімді қадам басып, алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық танытып, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии