Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ-де жаңа серіктес

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің серіктестері қатарына «Қазлабсервис» ЖШС қосылды. Бүгін тараптар ынтымақтастық, кафедра филиалының жұмысы және дуальды оқытуды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды.

«Қазлабсервис» ЖШС базасында ҚИнЭУ-дің стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының филиалы ашылды. Жаңа оқу жылынан бастап студенттер теориялық білімді кәсіпорын базасында практикалық оқытумен ұштастыруға мүмкіндік алады. Яғни болашақ мамандар университет аудиторияларында толық көрсету мүмкін емес өндірістік процестерді іс жүзінде көріп, заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Серіктестік университеттің Мансап және бизнес көшбасшылығы орталығының жұмысы нәтижесінде жүзеге асты. Орталық өкілдері кәсіпорынмен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындауға ықпал етті.

«Қазлабсервис» ЖШС директоры Бахытжан Мырзағалиұлы Кенжебаевтың айтуынша, бүгінде кәсіпорында білікті мамандарға деген қажеттілік жоғары. Қызметкерлердің бір бөлігі зейнет жасына жақындағандықтан, жас кадрларды алдын ала даярлау кәсіпорын үшін маңызды.

Айта кетерлігі, ҚИнЭУ түлектері бүгінде «Қазлабсервис» ЖШС-де еңбек етіп жүр. Енді университет пен кәсіпорын арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріліп, мамандарды даярлау жұмысы жүйелі сипатқа ие болады.

ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов кәсіпорынның білім беру бағдарламаларын жетілдіруге тікелей қатыса алатынын жеткізді.
- Серіктес кәсіпорын өкілдері оқу жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіріп, бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар мен заманауи маман білуі тиіс құзыреттер бойынша өз ұсыныстарын бере алады. Бұл білім беру үдерісін жұмыс берушілердің нақты талаптарына барынша жақындатуға мүмкіндік береді, - деді ректор.

26 тамыз 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы