Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Бағалаудың жаңа бағыты

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқытушылардың жазғы мектебі аясында жоғары мектептегі критериалды бағалау тақырыбына арналған әдістемелік семинар өтті.

Семинар тақырыбының өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен тікелей байланысты. Бүгінде білімі беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сай жаңартылып, оқыту нәтижелеріне, құзыреттілікке және практикалық бағытылыққа басымдылық беруде.

Оқу - әдістемелік жұмыс секторының меңгерушісі Дана Карисовна Жұамамбетова атап өткендей, білім алушының оқу нәтижесін бағалау жүйесі заманауи талаптарға сай болуы қажет, соның ішінде инклюзивті білім беруді дамыту және жасанды интеллектіні қолдану сияқты жаңа үрдістерді ескеруі тиіс.

Семинардың басты ерекшелігі – оның оқыту форматынан гөрі тәжірибе алмасу алаңына айналуы. Әртүрлі кафедралар мен әртүрлі білім беру бағыттарының оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ барысында қолданатын бағалау әдістері, критерийлерді анықтау мен оларды білім алушыларға ұсыну тәсілдерімен алмасты.

Бүгінде критериалды бағалау - жай ғана баға қою құралы емес. Бұл - білім алушының нақты оқу нәтижелеріне қаншалықты қол жеткізгенін анықтайтын, оқу үдерісін ашық әрі әділ етуге мүмкіндік беретін маңызды тетік.

28 тамыз 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы