Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Алғашқы дәріс Конституцияға арналмақ

Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жаңа оқу жылы қарсаңында ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырыста университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов кадрлық өзгерістерге тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін уақытша Татьяна Кенжебековна Острянина, ал Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының меңгерушісі қызметін Нұргүл Калиевна Удербаева атқарады.Сонымен қатар ректор ғылыми кеңестің жаңа жұмыс берушілер құрамын таныстырды.

Арман Оразалиұлы Исмаилов елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге де назар аударды. Ректор Қазақстанның даму жолында аса маңызды кезеңге қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, елімізде Құрылтай өз жұмысын бастап, бүгін вице-президент тағайындалды.

Ректор жаңа Конституцияның мәні мен маңыздылығына тоқталып, оның елдің қоғамдық-саяси өміріндегі орнына назар аударды. Сондай-ақ жаңа оқу жылындағы алғашқы дәрістің Ата заңға арналатынын жеткізді.
- Ертең, 1 қыркүйек күні барлық кафедраларда еліміздің негізгі құжатындағы өзгерістерге байланысты ақпарат беріледі. Алғашқы дәріс жаңа Конституцияға арналады, - деді ректор.

Осылайша, жаңа оқу жылы университет ұжымы мен студенттері үшін елдегі маңызды саяси-құқықтық өзгерістерді талқылаудан басталмақ.

30 тамыз 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы