Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ отбасымызға қош келдіңіздер!

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қайта жанданды. Жазғы демалыстан кейін студенттеріміз оқу ордамызға оралып, қатарымызға жаңа бірінші курс студенттері қосылды. Біз оларды жылы ықыласпен қарсы алдық.

Білім күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді:
- Қостанай облысындағы және еліміздегі көптеген университеттердің ішінен біздің университетті таңдап, бізге сенім артқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Студенттік жылдар - қайталанбас кезең. Алда сіздерді төрт жылдық қызықты да маңызды өмір жолы күтіп тұр. Осы уақыт ішінде білім алып, тұлға ретінде қалыптасып, болашаққа мықты негіз қалайсыздар. Барлығы өз қолдарыңызда!Университетімізде өз мүмкіндіктеріңізді жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған: халықаралық бағдарламалар, ғылыми-тәжірибелік жобалар және басқа да көптеген бастамалар. Белсенді болыңыздар, университет ұсынып отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар!

Университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов та білім алушыларға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тіледі.

Ал алғашқы күннің ең қызықты сәттерінің бірі - Жастар саясаты департаменті мен студенттік белсенділер ұйымдастырған квест болды. Бірнеше локацияда түрлі тапсырмаларды орындаған бірінші курс студенттері университетпен танысып қана қоймай, бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достар тапты. Ең белсенділерге біздің тұрақты серіктесіміз - @sushi.kostanay.leader-дің сертификаттары табысталды.

ҚИнЭУ отбасымызға қош келдіңіздер, студенттер!

1 қыркүйек 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы