Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Университетпен танысу жалғасуда

Бірінші курс студенттері оқу ордамызбен танысуды жалғастыруда. Бейімделу аптасы аясында бүгін бірінші курс студенттері ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректормен, университет бөлімшелерінің басшыларымен, ғылыми кітапхана және кафедра меңгерушілерімен кездесті.

Ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректор Нұргүл Қалиевна Удербаева студенттерге жаңа өмір кезеңінде сәттілік тілеп, университеттің тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және өз мүмкіндіктерін танытуға арналған үлкен орта екенін атап өтті. Ол студенттерді шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, стартаптар мен хакатондарға белсенді қатысуға шақырды.

Бірінші курс студенттеріне университеттің мүмкіндіктері туралы бөлімшелердің өкілдері кеңінен ақпарат берді. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығында студенттер үлгіріміне қатысты сұрақтарға жауап алып, бос білім гранттары мен жеңілдіктер туралы ақпарат, қажетті анықтамаларды ала алады. Бұл орталықтың студенттерге берген кеңесі – сабақтарды себепсіз қалдырмай, жақсы оқып, қысқы сессияны үштіксіз жабу.


Білім алушыларға техникалық қолдау орталығының басшысы Иван Викторович Кулагин студенттерге жеке кабинетке қалай кіру керектігін және оның негізгі функцияларын қалай пайдалану кажет екенін көрсетті.

Халықаралық серіктестік және жобаларды енгізу орталығының өкілдері ішкі және халықаралық академиялық ұтқырлық, сондай-ақ шетелдік тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Ғылыми кітапхана және кафедра меңгерушілері де бірінші курс студенттеріне сәттілік тілеп, әрқашан қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Студенттер студенттік актив мүшелерімен танысып, университеттегі клубтардың жұмысы туралы ақпарат алды. Сондай-ақ оларды белсенді студенттік өмірге атсалысуға шақырды.

Біздің бірінші курс студенттеріміз бір-бірімен, университеттің мүмкіндіктерін танысып, жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп келеді.

2 қыркүйек 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы