Тазы – ұлттық мұрамыз
Кеше Қазақстанда алғаш рет Тазы мен төбет күні аталып өтті.
Осыған орай М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері «Қоғамдық келісім» КММ-де журналист Гүлжібек Бәекенқызы Бекмұхамедованың тазыға арналған авторлық деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.
Фильмнен кейін қатысушылар тазының қазақ мәдениетіндегі орны, оның «Жеті қазынамен» байланысы және ұлттық мұраны сақтаудың маңызы туралы пікір алмасты. Тазы - ғасырлар бойы қазақ даласында адамға серік болған, халқымыздың тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ерекше жануар.
Іс-шараның ерекше қонағы - Джамбул есімді тазы болды. Студенттер тазымен танысып, оны еркелетіп те үлгірді. Өкінішке орай, қазіргі таңда Джамбул жануарлар үйінде тұрып, өзіне мейірімді әрі қамқор отбасы іздеп жүр.
4 қыркүйек 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей