Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Мәдениет құрметтен бастау алады

Күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттер адамның мәдениеті туралы не айта алады? Амандасу, досыңмен сөйлесу, біреуді құшақтау, әзіл айту немесе әлеуметтік желіде пікір қалдыру - мұның барлығында әдеп пен жауапкершіліктің орны бар.

Осы мәселелер әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Зауре Баядилевна Аубакирова өткізген «Жастардың мінез-құлық мәдениеті» тақырыбындағы дәрісте кеңінен талқыланды.

Дәріс барысында жастардың күнделікті өмірінде кездесетін жағдайдар: амандасу әдебі, жеке кеңістік, достармен қарым-қатынас мәселелері қарастырылды.

Басты назар өзге адамның жеке шекарасын құрметтеуге аударылды. Достық адамның жеке кеңістігін бұзуға себеп емес. Ал әзіл басқа адамды қорлай бастаған сәттен бастап әзіл болудан қалады.

Студенттер өмірлік жағдайларды талқылап, пікір алмасты. Дәрісте сондай-ақ дөрекі сөздер мен сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлінді. Дөрекі сөз қолдану мен нақты адамды қорлау бір нәрсе емес екені түсіндірілді.

Сонымен қатар адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, соның ішінде онлайн-платформалар арқылы көпшілік алдында қорлаған жағдайда заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені айтылды.

Дәрістің басты мақсаты - жазалау шараларын айту емес, жастардың жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өз сөзі мен ісіне жауап беру, эмоцияны басқара білу, өзгенің шекарасын құрметтеу - мәдениетті әрі саналы тұлғаның маңызды қасиеттері.
Мәдениет – әдепті сөзден ғана емес, басқа адамға деген құрметтен басталады.

 8 қыркүйек 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы