Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Әділетті қоғамға – шыншыл сөз

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде білім алушыларға арналған «Әділетті қоғамға - шыншыл сөз»: Мемлекет басшысының кітабындағы негізгі идеялар мен құндылықтар тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Ғылыми кітапхана меңгерушісі Салтанат Темірханқызы Кажанова студенттерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабының мазмұнымен таныстырды.

-Өз еңбегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолына тоқталады. Алайда кітап тек саясат пен мемлекеттік құрылым мәселелеріне ғана арналмаған. Онда қоғамның негізін құрайтын маңызды әрі іргелі тақырыптар да қамтылған. Президент «Әділетті Қазақстан» құру идеясын негізге ала отырып, ұлттың жаңа моральдық бағдарларын айқындайды, - деп атап өтті Салтанат Темірханқызы.

Кітап 21 тақырыптық бөлімнен тұрады. Олардың қатарында заң мен қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, цифрландыру, ұлттық бірегейлік және басқа да өзекті мәселелер қамтылған.

Кездесу соңында білім алушылар кітаптың негізгі идеялары мен құндылықтары туралы өз ойларын ортаға салып, қоғамның дамуы мен жастардың азаматтық жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.

 

22.09.2026

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы