Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Жеке идеядан – IT-жобаға

ҚИнЭУ-дің ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының «Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының студенті Рустем Дарушканов мектепке дейінгі балаларға арналған Aisha Kids мемлекеттік тілдегі танымдық-дамытушы мобильді қосымшасын әзірледі.

Жобаның идеясы студенттің төрт жасар жиеніне арналған қазақ тіліндегі дамытушы қосымша іздеуінен туындаған. Балаға қызықты әрі танымдық, сонымен қатар ұлттық мәдениет элементтері қамтылған қолайлы өнімді таба алмаған Рустем оны өз қолымен жасап көруге шешім қабылдаған.

Aisha Kids баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, логикалық ойлауын және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Жобаның ерекшеліктерінің бірі -ата-ананың дауысын пайдалану мүмкіндігі. Мысалы, анасы немесе әкесі өз дауысын жазып, баланың тапсырмалар мен нұсқауларды жақын адамның дауысымен тыңдауына мүмкіндік бере алады.

Қазіргі уақытта қосымша Қостанай қаласындағы балабақшалардың бірінде сынақтан өткізуге дайындалып жатыр. Апробация барысында балалардың қабылдауы мен педагогтердің пікірі ескеріліп, өнімді жетілдіру жоспарлануда.

Aisha Kids қосымшасын Google Play және App Store платформаларында ресми іске қосу қазан айына жоспарланған. Қосымша тегін және жарнамасыз болады.

Айта кететін жайт, жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жас әзірлеушінің еңбегі алғашқы нәтижесін беріп те үлгірген. Рустем Дарушкановтың жобасы жастардың «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты өңірлік жобалар байқауында IT номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

ҚИнЭУ ұжымы студенттің бастамасын жоғары бағалап, оның алдағы уақытта да жаңа жобаларға жол ашатынына сенім білдіреді.

 

28.09.2026

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы