Германиядағы тәжірибе
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Агрономия» және «Агроэкология» білім беру бағдарламаларының студенттері университеттің халықаралық серіктесі - «Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік» (ЛОГО) коммерциялық емес одағының төрағасы Хартвиг Менненмен кездесті.
Кездесудің тақырыбы Германияда кәсіби тағылымдамадан өту, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи тәжірибемен танысу және студенттерге халықаралық кәсіби ортада тәжірибе жинақтау мүмкіндіктеріне арналды.
🇩🇪Атап айтсақ, ЛОГО одағы көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы бағытында білім алып жатқан студенттерді кәсіби даярлау және шетелде тағылымдамадан өткізу бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан мыңдаған студент Германияда тәжірибеден өтіп, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.
Кездесу барысында Хартвиг Меннен студенттерге тағылымдаманың негізгі талаптары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
- Бағдарлама аясында студенттер алты ай бойы таңдалған ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тағылымдамадан өтеді. Тегін тұру және тамақтану қарастырылған, ай сайын кемінде 430 еуро көлемінде жалақы төленеді, - деп атап өтті Хартвинг Меннен, - сондай-ақ неміс тілін үйрену курстары ұйымдастырылып, кәсіби бағыттағы семинарлар мен оқыту іс-шаралары өткізіледі.
Тағылымдама органикалық егіншілік, топырақты қорғау, климатты сақтау, ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи тәсілдері сияқты маңызды бағыттар бойынша тәжірибе жинақтауға, бос уақытында Германия қалаларына саяхаттап, Еуропамен танысуға мүмкіндік береді.
ҚИнЭУ халықаралық ынтымақтастықты білім мен ғылым салаларымен ғана шектемей, студенттердің кәсіби дамуына, халықаралық тәжірибе жинақтауына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға ерекше мән береді.
29.09.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей